Accessibility links

Мәскеуде метрода оқ атуға күдікті ұсталды


Мәскеу метросында зардап шеккен Тәжікстан азаматы Сулаймон Саидов.
Мәскеу метросында зардап шеккен Тәжікстан азаматы Сулаймон Саидов.

Ресей астанасында метрода травматикалық тапаншадан оқ атып бір адамды жаралаған деген күдікпен ер адам ұсталған. Мәскеу ішкі істер басқармасының хабарлауынша, оған «адам өлтіруге әрекет жасаған» деген айып тағылған.

Тергеу болжамы бойынша, жұма күні кешкісін «Калужская» метро бекетіне келген поезд вагонында жолаушылар арасында егес туып, олардың бірі екіншісіне травматикалық қарудан екі рет оқ атқан. Сосын қаруын қолынан түсіріп алған ол оқиға болған жерден қашып кеткен деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Атылған оқтан бас терісі жыртылып, ауруханаға жеткізілген адам – Тәжікстан азаматы Сулаймон Саидов деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі. Ресейдегі Тәжікстан дипломатиялық өкілдігі Мәскеу метросындағы қарулы шабуылға байланысты тергеу барысын бақылап отырғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG