Accessibility links

Косово серб ұлтшылдары лидерін кіргізбеді


Серб ұлтшылдарының лидері Воислав Шешель. Белград, 31 наурыз 2016 жыл.

Серб ұлтшылдарының лидері Воислав Шешель. Белград, 31 наурыз 2016 жыл.

Серб ұлтшылдары лидері Воислав Шешельге Косовоға кіруге тыйым салынды.

Косово сыртқы істер министрі Петрит Селими «Балкан қасіреті кезінде елді қырғынға ұшыратқан істері мен сөздері үшін Шешель нон-грата тұлға болып жарияланған» деп мәлімдеді.

Сербияда 24 сәуірге белгіленген президент сайлауына түсуге ниет білдірген Серб радикал партиясының лидері Воислав Шешель Косоводағы сербтер тұратын аудандарды аралауды жоспарлаған еді.

Бұған дейін Хорватия билігі де өз территориясына Шешельді кіргізбей қойған, ал Босния мен Герцеговина ондай мәселені қарастырып жатқаны туралы хабарлаған.

Балкандағы бұл елдер Гаагадағы халықаралық трибуналдың 31 наурызда Шешельді ақтап шығарған шешіміне наразылық білдірген. Воислав Шешельге 1990-жылдары Балканда болған соғыс кезінде хорваттар мен босниялық мұсылмандарға қарсы жасалған әскери қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған болатын.

XS
SM
MD
LG