Accessibility links

Алматыдан 141 шақырымда жер сілкінген


Іле Алатауы. (Көрнекі сурет.)

Іле Алатауы. (Көрнекі сурет.)

Өткен түнде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 141 километр қашықтықта 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

9 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 23:56 кезінде тіркелген жер сілкінісі Қырғызстан аумағында, жердің бес километр терең қабатында болған деп хабарланды.

Жерасты дүмпуінің өзге аймақтарға сезілгені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG