Accessibility links

Керри «Талибанды» Кабулмен келіссөзге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани баспасөз мәслихатында тұр. Кабул, 9 сәуір 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани баспасөз мәслихатында тұр. Кабул, 9 сәуір 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ауғанстандық «Талибан» өкілдерін ресми Кабулмен бейбітшілік келіссөздерін тікелей өткізуге шақырды. Ол бұл туралы сенбі күні Кабулде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтқан. Керридің сөзінше, талибандықтарды бейбітшілік келіссөздеріне шақыру елдегі қантөгіс пен зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатын көздейді.

Вашингтонның үндеуі «Талибан» Ауғанстан үкіметімен келіссөздер жүргізуден бас тартып отырғанда айтылып отыр. «Талибан» өкілдері тек барлық шетелдік әскерилер Ауғанстаннан шығарылған соң ғана елдегі ресми билікпен келіссөздер өткізуге болады деп санайды.

Ауғанстан, Пәкістан, Қытай мен АҚШ өкілдері Кабул билігі мен «Талибан» басшылары арасында тікелей байланыс ұйымдастыруға әрекет жасап жатыр. Бұған дейін төртжақты үйлестіру тобы ауған үкіметі өкілдерінің талибандықтармен алғашқы кездесуі наурызда болады деп күткенімен үміттері ақталмаған болатын.

XS
SM
MD
LG