Accessibility links

АҚШ: Сандерс Клинтоннан тағы озды


Сенатор Берни Сандерс. Вайоминг, АҚШ. 5 сәуір 2016 жыл.

Сенатор Берни Сандерс. Вайоминг, АҚШ. 5 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенттігіне кандидат болу үшін Вайомингте демократтар арасында өткен бәсекеде сенатор Берни Сандерс бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтоннан тағы да басым түсті. Сандерс осымен сегізінші штатта өткен праймериз және кокустар нәтижесінде алға шығып отыр.

Дегенмен әлі де болса Хиллари Клинтон президент сайлауына Демократиялық партиядан ортақ кандидат болуға негізгі үміткер саналады. Ал Сандерстің Вашингтон, Аляска, Айдахо, Юта, Гавай және Висконсин штаттарындағы жеңісі ақ нәсілділер мен либерал делегаттар арасында Клинтонды қолдайтындар саны азая түскенін көрсетеді деп жазады New York Times.

Хиллари Клинтон барлық күш-жігерін республикашыл партиямен күреске жұмылдыру үшін Сандерсті неғұрлым тезірек жеңуге тырысатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG