Accessibility links

ЕҚЫҰ бақылаушылары Донбаста оқ астында қалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) арнайы мониторингтік миссиясының бақылаушылары сенбі күні Украинаның Донецк қаласынан 50 шақырым жердегі Зайцево кентіне барған кезде оқ астында қалған. Бұл туралы миссия сайтындағы ақпаратта оқиға украиналық үкімет әскері бақылауындағы аймақта болғаны айтылған. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген.

Екі беренді көлікке мінген ЕҚЫҰ миссиясының бес бақылаушысымен қоса жанжал аймағында атысты тоқтату тәртібін бақылау және үйлестіру орталығының украиналық тараптан жетекшісі бірге жүрген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:52 кезінде бақылаушылар жарылысты естіген, олар мұны өздерінен 100-200 метрдей қашықтық жерден минометтен атқан болуы мүмкін деген болжам жасаған. Іле-шала жаңағы жақтан атыс қаруынан оқ атылған.

«Миссия мүшелерінің ешбірі жараланған жоқ, көлік құралдарына зақым келмеді. Бақылаушылар Светлодарскідегі базасына аман-есен қайтып оралды» делінген ЕҚЫҰ арнайы мониторингтік миссиясы сайтындағы ақпаратта.

XS
SM
MD
LG