Accessibility links

Рим папасы маусымда Арменияға барады


Рим папасы Франциск. Ватикан, 28 наурыз 2016 жыл.

Рим папасы Франциск. Ватикан, 28 наурыз 2016 жыл.

Рим папасы Франциск биыл маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Арменияға сапармен барады. Бұл туралы бүгін Армения мен Ватиканда тараған ақпаратта айтылған.

Бұл Рим католик шіркеуі басшысының Арменияға екінші сапары болмақ. Бұған дейін 2001 жылы қыркүйектің 25-27 күндері Ереванға сол кездегі Рим папасы екінші Иоанн Павел сапармен барған.

Ол Арменияда христиан діні мемлекеттік дін болып жарияланғанына 1700 жыл толуына арналған салтанатты шараларға қатысқан еді.

XS
SM
MD
LG