Accessibility links

Джон Керри бүгін Хиросимаға барды


АҚШ мемлекеттік хатшыс Джон Керри ұшақтан түсіп келеді. Ивакуни, Жапония, 10 сәуір 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшыс Джон Керри ұшақтан түсіп келеді. Ивакуни, Жапония, 10 сәуір 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшыс Джон Керри «Үлкен жетілік» (G7) елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін жексенбі күні Жапонияға барды. Керридің ұшағы Хиросиманың батысындағы АҚШ әскери базасына қонған.

G7 тобына кіретін мемлекет басшыларының саммиті мамырдың соңында Жапонияның оңтүстік-шығысында Миэ префектурасында орналасқан Сима қаласында өтпекші. Оның күн тәртібінде халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де бар.

Джон Керри – 1945 жылы тамызда атом бомбасы тасталғалы бері Хиросимаға келіп отырған АҚШ-тың жоғары лауазымды алғашқы ресми өкілі. Бұдан жетпіс жылдан астам уақыт бұрын Хиросима және Нагасаки қалаларына АҚШ қолданған жойқын қару 150 мыңға жуық адамның өмірін қиған. Содан кейін бес жылдың ішінде түрлі аурулардан көз жұмған тағы 156 мың адамның ажалын дәрігерлер атом бомбасы жарылысы салдарымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG