Accessibility links

Грузияда "жасырын видеотаспа" ісімен алты адам қамалды


Жасырын түсірілген видеоға қатысты ашық тергеу жүргізуді талап етіп тұрған грузин белсенділері.

Жасырын түсірілген видеоға қатысты ашық тергеу жүргізуді талап етіп тұрған грузин белсенділері.

Грузияда жасырын түсірілген видео ісі бойынша ұсталған конституциялық қауіпсіздік департаментінің (КҚД) бұрынғы жоғары лауазымды алты қызметкерін сот қамауға алуға қаулы шығарды деп хабарлады бүгін «Грузия онлайн» сайты.

Жасырын түсірілген видеода грузин саясаткерлері мен қоғам қайраткерлерінің жеке өміріне қатысты көріністер болуы ықтимал. Судья күдікті алты адамды қамауға алу туралы қаулыны егер олар бостандықта қалатын болса, онда тергеу ісіне бөгет жасауы мүмкін деген негізбен қабылдаған. Бірақ қорғаушылар сот шешімімен келіспейді.

Прокуратураның хабарлауынша, ұсталғандар арасында – КҚД директорының бұрынғы орынбасары Васил Лелуашвили, Тбилиси бас басқармасының бұрынғы басшысы Реваз Шиуашвили, Тбилисидегі үшінші басқарманың экс-бастығы Роман Заалишвили, ішкі істер министрлігі Көне Тбилиси басқармасының бұрынғы басшысы Ираклий Кипшидзе және Көне Тбилиси басқармасы жетінші бөлімшесінің бұрынғы жетекшісі Зураб Павлиашвили бар. Оларға қызмет өкілетін асыра пайдаланған деген айып тағылған.

Тергеу барысына алаңдаушылық білдірген жергілікті адам құқығын қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар кең көлемді наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG