Accessibility links

СҚО: тасқыннан зардап шеккендер өтемақы алады


Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Донецкое ауылында тасқын салдарынан малынан айырылған тұрғындарға облыстық бюджеттен өтемақы төлене бастады деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Келген шығынды өтеу үшін облыс әкімдігі резервінен 1 миллион 94 мың теңге бөлінді. Мал иелеріне ақшалай төлем беріліп, малды нарықтағы құнына сай тәуелсіз бағалау жүргізілді» деген облыстық ветеринарлық басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Берік Әлжанов.

Билік орындары жақын уақытта Донецкое ауылы тұрғындарына тасқын судан зақым келген үйлерін жөндеу үшін де өтемақы төлеуге уәде беріп отыр. Осы ауылдың тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына жергілікті «Әліби» компаниясы да екі миллион теңге мөлшерінде материалдық көмек берген деп хабарланды. Ол ақпаратта Донецкое ауылына «Қазақстан Қызыл жарты ай» қоғамының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы гуманитарлық жүк жеткізгені айтылған.

XS
SM
MD
LG