Accessibility links

Сирия армиясы Алеппоны қайтаруға дайындалып жатыр


Алеппо қаласының ғарыштан түсірілген көрінісі, Сирия (Көрнекі сурет).

Алеппо қаласының ғарыштан түсірілген көрінісі, Сирия (Көрнекі сурет).

Ресей авиациясы қолдайтын Сирия армиясы Алеппо қаласын азат етуге дайындалып жатыр деп хабарлады Сирия премьер-министрі Ваель әл-Халаки.

"Ресейлік одақтастарымызбен бірге Алеппоны азат етіп, бітімге қосылмаған немесе оны бұзған барлық заңсыз қарулы топтардың әрекетіне тосқауыл қою операциясына дайындалып жатырмыз" деді ол Дамаскіге сапарлап барған ресейлік депутаттарға.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, соңғы тәулікте бұл ауданда кем дегенде 16 сарбаз және "Әл-Қаидамен" байланысы бар 19 содыр қаза тапқан. Шайқас Алеппо провинциясының оңтүстігінде бірнеше жерде жүріп жатыр. Ресей мен АҚШ ара ағайындық етіп жасалған бітім "Ислам мемлекеті" және "Нусра майданы" экстремистік ұйымдарына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG