Accessibility links

Назарбаев бүгін Иранға барады


Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 11 сәуірде ресми сапармен Тегеранға барады. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін Назарбаев Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуінде сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы және транспорт салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылайтынын хабарлаған.

Сапар барысында 40-тан астам келісімге және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтіліп отыр.

Қазақстан мен Иран арасындағы екі жақты сауда 2015 жылы 635 миллион долларды құраған.

Назарбаев Ираннан соң 13-14 сәуірде Түркияға сапарлап, осы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі және Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысады.

Қазақстан президенті 15 сәуірде Өзбекстанға сапарлап, осы ел президенті Ислам Каримовпен кездеседі.

XS
SM
MD
LG