Accessibility links

Жезқазған байыту фабрикасында жұмысшы қайтыс болды


«Қазақмыс» компаниясының офисі, Жезқазған қаласы (Көрнекі сурет).

«Қазақмыс» компаниясының офисі, Жезқазған қаласы (Көрнекі сурет).

Жезқазғанда ауруханада "Қазақмыс" компаниясы Жезқазған байыту фабрикасының жұмысшысы көз жұмды. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1988 жылы туған жұмысшы 3 сәуірде фабрикада өндіріс кезінде гидроциклондарға қызмет көрсететін алаңның жоғарғы тұсы ойылып түсіп, биіктен құлаған.

Ауыр жараланған жұмысшы ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше күннен соң көз жұмған.

Компания қазір төтенше оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG