Accessibility links

Қостанайдың бұрынғы әкімі сотталды


Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов коррупция айыбымен 13 жылға сотталды деп хабарлайды жергілікті "Наша газета" басылымы.

Қостанай облыстық қылмыстық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ахметжановты пара алды, қызметін теріс мақсатта пайдаланды, заңды кәсіпкерлікке кедергі жасады және "пара алуға оқталды деп айыптап, 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Сот бұрынғы әкімге жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруге үкім еткен.

Сонымен бірге Ахметжановқа қатысты іс бойы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев пара алу, беру ісінде делдалдық жасады деп айыпталып, төрт жылға сотталған.

Бұған қоса кәсіпкер Леонид Васильев алаяқтық жасады және пара беруге арандатты, пара беруде делдалдық жасады, қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалануға итермеледі, пара берді деп айыпталып, 14 жылға сотталған.

"Стройметсервис-2007" фирмасының директоры Сергей Биктибаев та алаяқтық жасады және пара беруге арандатты, қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдаланды, салық төлеуден жалтарды деп айыпталып, 11 жылға сотталған.

Ахмедбек Ахметжанов 2015 жылы 8 қыркүйекте қызмет өкілетін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

XS
SM
MD
LG