Accessibility links

Ставропольде содырлар полицияға шабуылдады


Ставропольдегі полиция көліктері (Көрнекі сурет).
Ставропольдегі полиция көліктері (Көрнекі сурет).

Ресейдің оңтүстігіндегі Ставрополь өлкесінде бүгін үш содыр полиция бекетіне шабуылдап, үшеуі де қаза тапты. Ресейлік ақпарат құралдарының өлке полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, Новоселицкое қаласында жасалған шабуылдан полицейлер мен бейбіт тұрғындардан құрбан болған ешкім жоқ.

Ішкі істер министрлігінің Ставропольдегі өкілінің Reuters-ке хабарлауынша, содырлардың бірі өзін-өзі жарып жіберген. Екеуін қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері атып тастаған. Шабуылдағандардың аты-жөні әзірге белгісіз.

Ставрополь өлкесі - соңғы жылдары исламшыл бүлікшілер белсенді әрекет ете бастаған Солтүстік Кавказға жақын аймақ.

XS
SM
MD
LG