Accessibility links

Иранмен сотталғандарды алмасу туралы келісім жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға сапары барысында бірқатар құжатқа, оның ішінде сотталған азаматтарды өзара алмасу туралы келісімге қол қойылды.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, сапар барысында екі елдің ұлттық банктері арасында, екі елдің мемлекеттік теміржол компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. Бұған қоса Иранмен "Жібек жолы" маршруты бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасына да қол қойылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранға бүгін екі күндік сапармен барған. Бүгін Тегеранда ол Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас пен аймақтық және халықаралық кейбір мәселелерді талқылаған.

XS
SM
MD
LG