Accessibility links

Ставропольде шабуылдағандардың аты-жөні анықталды


Ставропольдегі шабуыл жасалған полиция бөлімшесі маңы. Ресей, 11 сәуір 2016 жыл.

Ставропольдегі шабуыл жасалған полиция бөлімшесі маңы. Ресей, 11 сәуір 2016 жыл.

Ресей құқық қорғау органдары Ставрополь өлкесінде полиция бекетін жармақ болған үш жанкештінің аты-жөнін анықтады. ТАСС агенттігінің Ресей тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, үшеуі де Носовелицкое ауданы Китаевский елді мекенінің тұрғындары - 33 жастағы Заур Акаев, 25 жасиағы Рамазан Хайбулаев және 20 жастағы Исай Абдулатипов.

Әуелде шабуыл кезінде жанкшетілердің біреуі ғана беліне байланған жарылғыш затын іске қосқаны хабарланған. Қазір тергеушілер үш жанкешті де өзін-өзі жарып жіберген деп болуы мүмкін дейді. Шабуылдан үшеуі де қаза тапқан.

Ставрополь өлкесі исламшыл бүлікшілер көп жылдан бері әрекет ететін Солтүстік Кавказ аймағына жақын.

XS
SM
MD
LG