Accessibility links

Ресейлік боксшы мельдоний кесірінен атағынан айырылды


Мельдоний препараты (Көрнекі сурет).

Мельдоний препараты (Көрнекі сурет).

Ресейлік ауыр салмақтағы боксшы Игорь Михалкин қанынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғаны анықталған соң Еуропа бокс одағының (EBU) чемпионы атағынан айырылып, екі жыл жарысқа қатысуға тыйым салынды.

Михалкин EBU чемпионы атағын 2014 жылы ұтып алып, оны үш рет қорғаған. Ол наурыз айында Францияда Патрик Буаны жеңген соң тексеріліп, қанынан мельдоний препараты бары анықталған.

Мельдонийге биыл қаңтарда тыйым салынған. Содан бері әлем бойынша бұл препаратты қолдануға қатысты 120-дан астам спортшы дауға қалған.

XS
SM
MD
LG