Accessibility links

Бразилияда президентке импичмент дауысқа салынады


Бразилия президенті Дилма Русеф.
Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилия конгресінің төменгі палатасының комитеті президент Дилма Русефке ол 2014 жылғы президент сайлауы кампаниясында мемлекет бюджетінің шынайы көлемін жасырды деп айыпталған соң импичмент жариялауды ұсынды. Русеф ол сайлауда екінші рет сайланған.

Комитет мүшелерінің көпшілігі президентке импичмент жариялауға себеп жеткілікті дейді. Енді депутаттар президент сотқа тартылу керек пе деген мәселені ғана шешуі тиіс. Егер 17 сәуірде төменгі палата мүшелерінің үштен екісі импичментті қолдап дауыс берсе онда ол сенатқа жолданады. Ал сенат импичментті мақұлдаған жағдайда Русеф қызметінен кетуі тиіс.

XS
SM
MD
LG