Accessibility links

Түркияда жарылыстан адамдар жараланды


Диярбакыр көшелерінде жүрген түрік арнайы жасақ сарбазы. Түркия, наурыз 2016 жыл.
Диярбакыр көшелерінде жүрген түрік арнайы жасақ сарбазы. Түркия, наурыз 2016 жыл.

Түркия билігі елдің оңтүстік-шығысында жарылғыш зат тиелген көлік полиция бекетіне келіп соқтығысып жарылып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады. Мемлекеттік телеарналар "шабуылды күрд жасақтары жасады" деп мәлімдеді.

Мемлекеттік Anadolu агенттігінің мәліметінше, елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысты "террористер" шабуылды Диярбакыр аймағындағы Хани қаласында жасаған. Жараланғандар әскери ауруханаға жеткізілген.

Reuters агенттігінің қауіпсіздік күштеріндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстан бір сарбаз қаза тауып, 20 адам жараланған.

Түркияның оңтүстік-шығысында шабуыл мен зорлық-зомбылық өткен жылдың шілдесінде, Түркия билігі мен күрд жасақтары арасындағы әлсіз бітім бұзылған соң көбейген.

Түркия әскерилері Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысты жасақтарға қарсы операцияны күшейткен. Ресми Анкара Күрдістан жұмысшы партиясын "террористік ұйым" санайды.

XS
SM
MD
LG