Accessibility links

Ресей Иранға С-300 апара бастағанын хабарлады


Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.

Ресей Иранға С-300 зенит-зымыран кешенін жеткізу келісімін орындай бастады деп хабарлады Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.

Рогозин "Эхо Москвы" радиосы эфирінде қойылған, "Келісім жылдың соңына дейін орындала ма?" деген сұраққа "толықтай орындалады" деген жауап қайтарды. "Мен қазір нақты не жеткізілгенін айта алмаймын және оған құқығым да жоқ. Бірақ кешен жеткізіледі" деді Рогозин.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрлігі Ресей Иранға алғашқы С-300 кешенін жеткізгенін хабарлаған.

Ресей Иранға С-300 кешенін жеткізу туралы келісімді Батыс елдерінің қысыман байланысты тоқтатып, 2015 жылдың сәуірінде қайта жалғастырған.

XS
SM
MD
LG