Accessibility links

Қырғызстанда діни ахуалды зерттеу орталығы ашылды


Бішкектегі орталық мешіт (Көрнекі сурет).

Бішкектегі орталық мешіт (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанынан діни ахуалды зерттеу орталығы ашылды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, орталық дін саласындағы зерттеу, білім беру және мониторинг қызметін атқарып, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасады.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде радикалдық және экстремистік діни ұйымдар белсенді әрекет ете бастаған. Үш жыл бұрын Сирия мен Ирактағы соғысқа қатысып жүрген Қырғызстан азаматтары туралы алғашқы ақпарат шыға бастаған. Ресми мәлімет бойынша, содан бері Сирия мен Иракқа 500-ден астам қырғызстандық кеткен.

Қырғызстан билігі діни экстремизмнің алдын алу бойынша жан-жақты шаралар жасай бастаған. Орталық дін мәселелері, діни жанжалды ескерту және алдын алу, оған жауап қату бойынша ұсыныстар жасап, діни мәселе бойынша мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру үшін құрылған.

XS
SM
MD
LG