Accessibility links

Бішкекте "шетел агенті" туралы заңға қарсы акция өтіп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бішкекте парламент алдында "Шетел агенті туралы" заң жобасына қарсы акция өтіп жатыр. "Кылым шамы" үкіметтік емес ұйымының Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, парламенттің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және сот-құқықтық мәселелер комитеті "шетел агенті" туралы заң жобасын кворумсыз талқылап жатыр.

Заң жобасында шетелден қаржы алатын, саяси қызметпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға "шетел агентә" мәртебесін беру қарастырылған. Заң жобасын дайындағандар бұл үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ашық етуді көздейді дейді. Заң жобасын сынайтындар құжат Қырғызстандағы үкіметтік емес ұйымдар қызметін реттеудің демократиялық ұстанымдары мен талаптарына, азаматтардың конституциялық және азаматтық тұрғыдан берілген бірлесу құқына қайшы дейді.

XS
SM
MD
LG