Accessibility links

Қырғызстанда премьерлікке кандидат ұсынды


Қырғызстан премьері қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбеков.
Қырғызстан премьері қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстан парламентіндегі Социал-демократиялық партия (СДП) фракциясы Сооронбай Жээнбековтің кандидатурасын премьер-министр қызметіне ұсынды. Бұл туралы Азаттыққа фракция жетекшісі Чыныбай Турсунбеков хабарлады.

Оның сөзінше, Жээнбековтің кандидатурасын ұсыну туралы шешім бүгін фракция отырысында қабылданған.

Бүгін коалициядағы фракциялар жетекшілері президент Алмазбек Атамбаевпен кездескен. Кездесуде Атамбаев олардан жаңа премьер таңдау мәселесін көпке созбауды сұраған.

СДП хатшылығынан хабарланғандай, коалиция фракциялары жетекшілері премьерлікке кандидатты СДП ұсынады деп уағдаласқан.

Чыныбай Турсунбеков жаңа премьерді таңдап, сайлауды созбау қажетін және жаңа үкімет құрылымын жаңа премьер сайланған соң ғана талқылауға болатынын айтқан.

Бұған дейінгі премьер Темір Сариев 11 сәуірде Балыкчы - Тамчы - Чолпон-Ата - Корумду жолын жөндеу бойынша тендерді жүргізуде заң бұзушылық болғаны анықталған соң отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG