Accessibility links

Назарбаев Иран бизнесмендерін Қазақстанға шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп отыр. Тегеран, 11 сәуір 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп отыр. Тегеран, 11 сәуір 2016 жыл.

Тегеранда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ирандық компаниялар өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, Назарбаев ирандық бизнесмендерді Түркіменстан арқылы Иран мен Қазақстанды жалғайтын теміржолдың мүмкіндіктерін барынша пайдалануға шақырған.

Кездесуге Иранның энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен тау-кен өндіріс салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам компаниясы өкілдері қатысқан.

Назарбаев Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүшелігі Иранның Қазақстан арқылы осы одақтағы басқа да елдермен кеден салығынсыз сауда жасауына мүмкіндік беретінін айтқан. Ол сонымен қатар ирандық бизнесмендерді Қазақстан инвесторларға үлкен жеңілдік ұсына алатынына да сендірген.

Назарбаев кездесуде Қазақстан Иранмен медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы кешені, ғарыштық технология саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізген.

Назарбаев Тегеранға екі күндік сапармен кеше барған. 11 сәуірде ол Иран президенті Хассан Роуханимен және осы елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеймен кездескен.

XS
SM
MD
LG