Accessibility links

Украина: ЕО-мен визасыз қарым-қатынас орнатамыз


Украина мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).
Украина мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).

Украина Нидерландыдағы референдум қорытындысына қарамастан, Еуропа Одағымен (ЕО) визасыз қарым-қатынас орнатады. Бұл туралы бүгін Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

6 сәуірде Нидерландыда ЕО-ның Киевпен ассоциация туралы келісімін мақұлдауға қатысты референдум өткен. Референдум қорытындысы бойынша, дауыс бергендердің 61 пайыздан астамы Украинамен жақындасуға қарсы, 31 пайызы қолдап дауыс берген. Нидерланд заңдары бойынша референдумның қандай да бір құқықтық немесе заңдық күші жоқ болғандықтан нәтиже келісімнің мақұлдануына ықпал ете алмайды.

ЕО елдерінің көпшілігі Украинамен жақын қарым-қатынас орнатуды қолдайды деген елшілік президент Петр Порошенконың "Біз еуроинтеграция жолынан бас тартпаймыз және Украинаны ол бағыттан ешкім айныта алмайды" деп мәлімдегенін келтіреді.

Украина елшілілігі бұған қоса таяуда Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер Еуропа парламенті мен Еуропа кеңесінің қарауына Украина мен ЕО арасында визасыз режим енгізу туралы заңдық құжат ұсынады деп күтіп отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG