Accessibility links

Министрлік террорға қарсы жаттығу ақпаратын өзгертті


Жаттығу кезіндегі қазақстандық сарбаз (Көрнекі сурет).

Жаттығу кезіндегі қазақстандық сарбаз (Көрнекі сурет).

Қазақстан қорғаныс министрлігі Астана түбінде өтіп жатқан террорға қарсы жаттығу туралы өзі таратқан ақпаратына түзету енгізді.

Бұған дейін министрлік Астана түбіндегі №68665 әскери бөлімде терроризмге қарсы екі кезеңнен тұратын командалық-штабтық жаттығу басталғанын хабарлаған. Ол ақпаратта сценарий бойынша жаттығу шартты түрде "елде әлеуметтік-саяси жағдай шиеленісіп, бірқатар елді мекенде аяқасты митингілер өтіп, бұл жаппай тәртіпсіздік пен дүкендерді, әкімшілік нысандарды қиратуға ұласатын" жағдайда өрбитіні айтылған еді. "Мұның барлығы антитеррорлық операциялар жүргізуге және арнайы әскери іс-қимылдар ұйымдастыруға себеп болады" делінген қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Министрлік бұл ақпаратын сценарий бойынша "Бірқатар елді мекенге заңсыз бандалық құрылым кіріп, аяқ асты митингілер ұйымдастырады да, ол дүкендерді тонауға, әкімшілік нысандар мен көліктерді өртеуге ұласады. Мұның барлығы антитеррорлық операциялар жүргізуге және арнайы әскери іс-қимылдар ұйымдастыруға себеп болады" деп өзгертті.

XS
SM
MD
LG