Accessibility links

«Метрополитенге» қатысты сот кейінге қалды


"Метрополитен" қызметкері Александр Масленников қалалық апелляциялық сотқа келіп тұр. Алматы, 12 сәуір 2016 жыл.

"Метрополитен" қызметкері Александр Масленников қалалық апелляциялық сотқа келіп тұр. Алматы, 12 сәуір 2016 жыл.

Алматы қалалық апелляциялық сотында «Метрополитен» коммуналды мемлекеттік кәсіпорынын (КМК) сотқа берген Александр Масленниковтің шағымы қаралды.

Шағымданушы Масленниковтың Азаттық тілшісіне айтуынша, оны 2015 жылы күзде көлік қауіпсіздігі қызметі бойынша участок бастығы қызметін атқарып жүрген кезінде мекеме басшылығы орта деңгейдегі төрт басшының қатарында өз еріктерімен жұмыстан кетуді талап етіп, «әйтпесе теріс мінездемемен жұмыстан шығарылатындарын ескерткен».

– Заңды негізі болмаса да жұмыстан босату жөнінде арыз жазуға мәжбүр болдық. Алайда екі қызметкерді қалдырып, екі қызметкерді шығарған соң ол ойымыздан айнып, бұйрық жазылған параққа «келіспейміз» деп жаздық. Былтыр желтоқсанда өткен сот кезінде ол қағаз «жоғалған» болып шықты. Бірақ бізде көшірмесі бар еді. Сот сонда да арызымызды қанағаттандырмады, – дейді ол.

Александр Масленников біраздан кейін жұмысқа қайта қабылдағанымен, бұрынғы қызметіне тағайындалмай, жалақысы төмен қызмет алғанын айтады.

Апелляциялық сот отырысынан кейін «Метрополитен» КМК өкілі Азаттық тілшісіне қандай да бір мән-жайды айтудан бас тартты.

Ал «Метрополитен» директорының көмекшісі Ажар Хабиева «Александр Масленниковтың шағымы негізсіз екенін, оны тек сот қана шешетінін» айтты. «Метрополитен» қызметкерлері заңсыз жұмыстан шығарылады» деген сөздер – қауесет» дейді Ажар Хабиева.

Бүгінгі сот отырысында Александр Масленниковтің өзі және бірнеше куәгер сұралды. Алайда іс барысына қарай апелляциялық сот алқасының «Метрополитеннің» кадр бөлімі бастығын шақыру туралы шешімінен кейін сот отырысы сәуірдің 19-ына қалдырылды.

XS
SM
MD
LG