Accessibility links

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге жолдама алды


Қазақстан футзал құрамасы (Сурет Қазақстан футзал ассоциацияның ресми сайтынан алынды).
Қазақстан футзал құрамасы (Сурет Қазақстан футзал ассоциацияның ресми сайтынан алынды).

Футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда өткен іріктеу жарысының шешуші кезеңінде Польша құрамасын 7:0 есебімен жеңіп, биыл Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 23 наурызда Польшадағы алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған.

Матчтың 2-минутында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игитаның алыстан тепкен добы Польша қақпасына еніп, есеп ашылды. Араға үш минут салып, құрама капитаны Серік Жаманқұлов қарсыластарының қорғанысындағы қателікті пайдаланып, есепті еселеді. Ал 7-минутта Қазақстан құрамасындағы бразилиялық Дуглас есепті 3:0-ге жеткізді. 13-минутта Серік Жаманқұлов, 15-минутта Дуглас өздерінің екінші голдарын салды. Бірінші тайм 5:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы сапынан Лео мен Арнольд Кнауд бір-бір голдан салды.

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне екінші рет қатысайын деп отыр. Әлем чемпионаты 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Жарысқа әлемнен 24 команда қатысады.

XS
SM
MD
LG