Accessibility links

Амстердам әуежайы ішінара эвакуацияланды


Амстердамның Схипхол әуежайы.
Амстердамның Схипхол әуежайы.

Нидерланд билігінің мәліметінше, Амстердам әуежайы дабыл белгісі бойынша эвакуацияланғаннан соң бір адам ұсталды. Схипхол әуежайы өкілі Альфред Эльвангердің хабарлауынша, ер адам 12 сәуір күні кешке ұсталған. Ол ер адам "күдікті жағдай туралы ақпарат негізінде" ұсталғанын ғана айтып, басқа мәлімет айтпады.

Телеарна хабарларындағы кадрларда әуежайды бетперде киген арнайы жасақ сарбаздары күзетіп жүргені көрінеді. Ер адамдардың жүктерін саперлер ексеріп жүр. Еуропаның көптеген әуежайлары сияқты, Схипхолда 22 сәуірден бастап қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 22 наурызда Брюссельдегі метро станциясы мен әуежайдағы жарылыстардан 32 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Терактілерге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG