Accessibility links

ХВҚ: Ұлыбритания референдумы әлем экономикасына әсер етеді


Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы бас кеңсесі (Көрнекі сурет).

Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы бас кеңсесі (Көрнекі сурет).

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) британдықтар 23 маусымда өтетін референдумда Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берсе, онда ол әлемдік әлсіз экономикаға кәдімгідей теріс әсер етуі мүмкін деп ескертті. ХВҚ-ның экономикалық мәселелер бойынша бас сарапшысы Морис Обстфильдтің мақаласында Ұлыбританиядағы дауыс беру "инвесторлар үшін екіұдай күй тудырған" негізгі қауіп-қатер деп аталады.

Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы орныққан сауда байланыстарын бұзатындықтан оның аймақтық және халықаралық деңгейде теріс салдары болады. Сарапшының пікірінше, мигранттар ағыны мен экстремистердің шабуылынан туындаған дағдарыс ұлтылдық көңіл-күйді күшейтіп, "Ұлыбританияның ЕО-дан шығу ықтималдылығын шынайылыққа айналдыра бастады".

Обстфильдтің жазуынша, әлемдік экономиға тап болған өзге де қауіп-қатерлер арасында Қытай мен басқа да жаңа нарықтардағы және қор биржаларындағы тұрақсыздық, әлемнің экономикасы анағұрлым дамыған елдеріндегі ұзақ мерзімді даму әлеуетінен айырылуы проблемалары бар.

XS
SM
MD
LG