Accessibility links

Павлодарға жаңа әкім тағайындалды


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодар қаласының жаңа әкімі болып Нұржан Әшімбетов тағайындалды деп хабарлайды жергілікті агенттік. Жаңа әкім тағайындалғанын қалалық мәслихат отырысында Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов хабарлады. Әшімбетов бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған.

Әшімбетов 2008-2009 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған. 2009-2012 жылдары ол Петропавл әкімі қызметін атқарған. Әшімбетов 2012 жылдың ақпанынан бері Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG