Accessibility links

Қырғызстан парламенті спикері отставкаға кетті


Қырғызстан парламентінің отставкаға кеткен спикері Асылбек Жээнбеков.

Қырғызстан парламентінің отставкаға кеткен спикері Асылбек Жээнбеков.

Қырғызстан парламенті спикері Асылбек Жээнбеков отставкаға кетті. Бұл туралы ол бүгін парламент отырысында мәлімдеді. Бүгін парламент депутаттары оның ағасы, премьер-министр қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбековтің кандидатурасын қарайды. Кеше Социал-демократиялық партия (СДП) Жээнбековтің кандидатурасын премьерлікке ұсынып, оны парламенттегі көпшілік коалицияға кіретін барлық фракция қолдаған.

Қырғызстан заңы бойынша, елде туыс адамдар бірдей мемлекеттік жоғары лауазымды қызмет атқармауы тиіс. СДП жетекшісі Чыныбай Турсунбеков кеше жаңа премьерді таңдап, сайлауды созбау қажетін және жаңа үкімет құрылымын жаңа премьер сайланған соң ғана талқылауға болатынын айтқан.

Бұған дейінгі премьер Темір Сариев 11 сәуірде Балыкчы - Тамчы - Чолпон-Ата - Корумду жолын жөндеу бойынша тендерді жүргізуде заң бұзушылыққа қатысы бары анықталған соң отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG