Accessibility links

Қырғыз парламенті премьерлікке кандидатты қолдады


Қырғызстанның премьер-министрі қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбеков.
Қырғызстанның премьер-министрі қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстан парламентіндегі оппозицияшыл «Республика – Ата-Журт» және «Бир Бол» фракциялары да премьер-министр қызметіне ұсынылған Сооронбай Жээнбековтің кандидатурасын қолдады. Осылайша, парламенттегі алты фракция түгелімен премьерлікке ұсынылған жалғыз кандидатқа қолдау білдірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, парламент депутаттары бүгін Сооронбай Жээнбековтің үкімет басшысы қызметіне үміткерлігін қарайды.

Бүгін Сооронбай Жээнбековтің ағасы Асылбек Жээнбеков парламент спикері қызметінен отставкаға кеткен. Заң бойынша, Қырғызстанда туыс адамдар бірдей мемлекеттік жоғары қызметті иелене алмайды.

Бұған дейін Социал-демократиялық партия жетекшісі Чыныбай Турсунбеков жаңа премьерді таңдап, сайлауды созбау қажетін және жаңа үкімет құрылымын жаңа премьер сайланған соң ғана талқылауға болатынын айтқан.

Қырғызстанның бұған дейінгі премьер-министрі Темір Сариев 11 сәуірде Балыкчы–Тамчы–Чолпон-Ата–Корумду жолын жөндеу бойынша тендерді жүргізуде заң бұзушылық болғаны анықталған соң отставкаға кеткен.

Қырғызстан премьер-министрлері туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG