Accessibility links

Македония полициясы мигранттарды газбен атты


Македония мен Грекия шекарасында тұрған мигранттар мен полицейлер. 11 сәуір 2016 жыл.
Македония мен Грекия шекарасында тұрған мигранттар мен полицейлер. 11 сәуір 2016 жыл.

Македония полициясы бүгін Грекиямен шекарада арғы бетте наразылық танытқан мигранттарды көзден жас ағызатын газбен атты.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, кішігірім жанжал 13 сәуір күні 50-ге тарта мигрант наразылық танытып, шекараға орнатылған тікенек қоршауға жақындағанда туған.

10 сәуірде Грекияның Македониямен шекарасында жүздеген мигрант шекарадан өтпек болғанда Македония полициясымен қақтығысып қалған. Полиция мигранттарға көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атуы салдарынан 300-дей мигрант әртүрлі жарақат алған.

Балқан түбегіндегі елдер ақпанның ортасынан бастап шекарасын жауып, мигранттар мен босқындардың Еуропаның солтүстігіне баратын жолына тосқауыл қойған.

XS
SM
MD
LG