Accessibility links

Назарбаев пен Ердоған "мұсылман татулығы" декларациясын жариялады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

13 сәуір күні Түркияға ресми сапар шеккен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мұсылман әлеміндегі татулық туралы бірлескен декларация қабылдады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік принциптерін ұстанып, достық қарым-қатынасты дамыту ниеттерін тағы бір әйгіледі. Стамбулда бекітілген сегіз баптан тұратын құжатта Назарбаев пен Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді жанжалдарды реттеуге ынта таныту арқылы мұсылман әлеміндегі қарым-қатынастардың жаңа парадигмасын қалыптастыруға шақырды.

Сәрсенбі күні президент Назарбаев ИЫҰ-ның бас хатшысы Ияд Маданимен де кездесті.

XS
SM
MD
LG