Accessibility links

АҚШ Қазақстанда адам құқығы бұзылатынын сынады


Қазақстан түрмелерінің біріндегі тұтқынды азаптау деп аталған видеодан скриншот (Көрнекі сурет).

Қазақстан түрмелерінің біріндегі тұтқынды азаптау деп аталған видеодан скриншот (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа есебінде азаматтардың ой-пікірін білдіру, сөз еркіндігі, дін еркіндігі, жиын өткізу мен ассоциация еркіндігі және сот жүйесінде тәуелсіздіктің аздығы Қазақстандағы адам құқығы саласындағы ең өзекті мәселелер ретінде аталады. Мемлекеттік департаменттің 2015 жылы әлемдегі адам құқығын қорғау туралы есебінде Қазақстандағы "азаматтардың билікті еркін әрі әділ сайлау арқылы өзгерту мүмкіндігінің шектелуі" сыналады.

Есепте 1 қаңтарда күшіне енген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстер және сауда одақтары туралы заңның "азаматтардың еркіндігіне жаңа шектеулер қоятыны" айтылады. Баяндамада Қазақстандағы "кісі өлімі, әскердегі сарбаздардың өліміне әкеп соқтыратын әлімжеттік, тұтқындарды азаптау мен зорлық-зомбылық көрсету, түрмедегі тұтқындар өміріне қауіп төндіретін ауыр жағдай" да көрсетілген.

Баяндама авторларының пікірінше, үкімет заң бұзған, әсіресе коррупция айыбымен сотталған жоғары шенді шенеуніктерді қудалайды, дегенмен коррупция бұрынғыдай кең таралып отыр. Департамент есебін дайындағандар биліктегілер мен мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында танысы барлардың "жазаланбай қалатынын" айтады.

XS
SM
MD
LG