Accessibility links

АҚШ: Бішкек адам құқығын бұзып отыр


Бішкектегі сот шешіміне қарсылық акциясы. Қазан 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Бішкектегі сот шешіміне қарсылық акциясы. Қазан 2015 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті 2015 жылы әлемдегі адам құқығы ахуалы туралы жаңа есебінде Қырғызстан құқық қорғау органдарын негізсіз тұтқындау, азаптау, доқ көрсету, шабуылдау және бопсалауды қолданады деп айыптады. Есепте 2015 жылы қырғыз билігі сот процедураларын үнемі бұзған делінеді.

Жаңа есепте 2015 жылы полицейлердің жыныстық және ұлттық азшылық өкілдерін бопсалағаны айтылады. Құжат авторлары көрсеткендей, "ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) мүшелері полицияның танысуға арналған арнайы чаттар мен сайттарды аңдып, бұл ресурстар өкілдерімен кездесу ұйымдастыратыны және олардан ақша бопсалайтыны туралы айтқан". Бұдан өзге, есепте түрмелердегі тұтқындарды ұстау жағдайының нашарлығы, белсенділерді, журналистерді және үкіметтік емес ұйым қызметкерлерін қудалау бары айтылады.

XS
SM
MD
LG