Accessibility links

Школьник Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды


Қазақстан президентінің кеңесшісі Владимир Школьник.
Қазақстан президентінің кеңесшісі Владимир Школьник.

Бұрынғы энергетика министрі Владимир Школьник президент Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бүгін энергетика министрлігінде энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалық етуімен "Еуразия" халықаралық жобасы бойынша дөңгелек үстел өткен. Жиынға қатысушылар арасында Владимир Школьник президенттің кеңесшісі ретінде көрсетілген. Министрліктің баспасөз қызметінде Школьниктің қазір президенттің штаттан тыс кеңесшісі екенін растады.

Школьник энергетика министрлігін 2014 жылдың тамызынан 2016 жылдың 25 наурызына дейін басқарған. Бұған дейін ол бірнеше жыл "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарған. Мұның алдында Школьник индустрия және сауда министрі, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, вице-премьер, білім және ғылым министрі болған.

XS
SM
MD
LG