Accessibility links

EXPO-2017 құрылысы алаңында өрт шықты


EXPO-2017 көрмесінің логотипі (Көрнекі сурет).

EXPO-2017 көрмесінің логотипі (Көрнекі сурет).

Астанада EXPO-2017 көрмесіне арналған құрылыс алаңында өрт шықты деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, көрме құрылысы алаңында өрт басталғаны туралы ақпарат сағат 11:01-де түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарты сағат шамасында өртті өшіріп, жалынның одан ары таралуының алдын алған. Өртенген аумақ шамамен 50 шаршы метрді құрайды. Құрылыстың төртінші қабатындағы жабын мен жылытқыш өртенген.

Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG