Accessibility links

Гройсманды премьер ету туралы қаулы парламентке түсті


Владимир Гройсман, Украина Жоғарғы Радасының спикері.

Владимир Гройсман, Украина Жоғарғы Радасының спикері.

Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Рада қарауына Владимир Гройсманды премьер-министр етіп тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынды. Бұл туралы Украина парламентінің сайтында хабарланды. Порошенко бұған қоса сыртқы істер министрі етіп Павел Климкинді, қорғаныс министрі етіп Степан Полторакты тағайындау туралы қаулыны да ұсынған.

13 сәуір күні кешке Жоғарғы Рада спикері Владимир Гройсман украин үкіметін басқаруға келіскен. Кейбір ақпарат құралдары мұның алдында Гройсманның кадр мәселесіндегі келіспеушіліктен премьер-министр болудан бірнеше рет бас тартқанын хабарлаған еді. Бұдан соң Украинадағы екі ірі батысшыл партия жаңа үкімет құрамына келіскен.

Бұған дейінгі премьер-министр Арсений Яценюк 10 сәуірде коррупциялық жанжалға байланысты отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG