Accessibility links

Forbes тізіміне Ходорковский мен Путиннің "күйеубаласы" да кірді


"Сибур" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Кирилл Шамалов.

"Сибур" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Кирилл Шамалов.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский соңғы 11 жылда бірінші рет ресейлік Forbes журналы жариялаған ең бай ресейліктер тізіміне енді. Тізімде ол 170-орында тұр. Оның байлығы жарты миллиард долларға бағаланған.

ЮКОС компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері Платон Лебедев, Владимир Дубов пен Михаил Брудно да тізімге қайта қосылған.

2004 жылы Ходорковский ресейлік Forbes алғаш жариялаған "Алтын жүздік" тізімінің басында тұрған. Ол кезде ЮКОС ісі бойынша қамауда отырған Ходорковскийдің байлығы 15 миллиард доллардан астамға бағаланған. Бір жылдан соң ол екі миллиард доллар байлықпен тізімге соңғы рет енгізілген.

Қазір ең бай ресейліктер тізімін Леонид Михельсон бастап тұр. Екінші орында Михаил Фридман, үшінші орында Алишер Усманов тұр.

Forbes есебі бойынша, ең бай ресейлік 200 миллиардер тізіміне "Сибур" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Кирилл Шамалов енген. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің қызы делінетін Катерина Тихонованың күйеуі. 34 жастағы Кирилли Шамалов рсесейлік миллиардерлер арасындағы ең жасы деп танылған. Оның байлығы 1 миллиард 200 миллион долларға бағаланған. Ол "Россия" банкі иелерінің бірі Николай Шамаловтың ұлы.

XS
SM
MD
LG