Accessibility links

Мәскеуде жүзден астам мигрант астан уланды


Мәскеуде базарда жұмыс істеп жүрген мигранттар (Көрнекі сурет).
Мәскеуде базарда жұмыс істеп жүрген мигранттар (Көрнекі сурет).

Орталық Азия елдерінен, негізінен Өзбекстан мен Тәжікстаннан шыққан жүзден астам мигрант тамақтан қатты уланып, Мәскеу ауруханасына түсті. Оқиға 13 сәуір күні кешке жақын болған.

"ЭТМОС" ресейлік үкіметтік емес серіктестігінің президенті Каримджон Еровтың хабарлауынша, мигранттар Мәскеудегі құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 140 жұмысшы кешкі ас кезінде тауық еті қосылған картоп езбесін ішкен соң уланған. Тамақты аспаздар мигранттар жұмыс істеген фирманың тапсырысы бойынша дайындаған.

"Жұмысшылар жұмыс орындарынан айырылып қалудан қорқып, оқиға жайлы толық айтудан қорқып отыр. Кеше кешке полиция қызметкерлері де оқиғаны түсіруге кедергі жасады. Ауруханаға жүзден астам адам жеткізілді" деді Еров.

Ресей билігі бұған дейін бірқатар фирманы қарапайым гигиеналық талаптардың өзін сақтамайды және еңбек ету, демалыс пен жұмысшыларды тамақтандыру қызметін дұрыс ұйымдастырмаған деп талай рет сынаған.

XS
SM
MD
LG