Accessibility links

Назарбаев Стамбулда Сауд Арабиясы королімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Түркияда іссапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбулда Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз әл Саудпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Салман бен Абдель Азиз әл Сауд Стамбулда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-саммиті аясында кездескен. Кездесуде екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым-қатынастың жай-күйі мен келешегін талқылаған.

Тараптар бұған қоса кейбір халықаралық өзекті мәселелерді, әлемдік деңгейде терроризм және экстремизммен күрес бағыттарын талқылаған.

XS
SM
MD
LG