Accessibility links

Баку: Таулы Қарабақта бір сарбаз оққа ұшты


Таулы Қарабақтағы армян сепаратистерінің майдан шебі. 2 сәуір 2016 жыл.
Таулы Қарабақтағы армян сепаратистерінің майдан шебі. 2 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 14 сәуірде Таулы Қарабақта бір сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Бұдан бірнеше күн бұрын бұл аймақта көп жылға созылған территориялық дау күрт шиеленісіп кеткен. Әзербайжан билігінің мәліметінше, сержант "әзербайжан әскері мен Армения қолдайтын сепаратистерді бөліп тұратын майдан шебінде кезекті арандатуды болдырмауға тырысқанда" оққа ұшан. Таулы Қарабақ билігі айыптауды жоққа шығарып, "жалған ақпар жағдайды қолдан шиеленістіру үшін" таратылды деп мәлімдеді.

Сәуірдің басында Әзербайжаннан бөлінген бұл аймақта үш күн қарулы жанжал болып, ондаған адам қаза тапқан. Ресейдің араласуымен жасалғна қақтығысты тоқтату туралы келісім 5 сәуірде күшіне енгенімен, ара-тұра оқ ату жалғасқан.

13 сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Стамбулға барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Таулы қарабақтағы ахуалды талқылаған.

XS
SM
MD
LG