Accessibility links

Пентагон: Ауғанстанда 3 айда ИМ-ге 80 соққы берілді


Ауғанстанның Гильменд уәлаятында жүрген ауған үкіметі сарбаздары. Сәуір 2016 жыл.

Ауғанстанның Гильменд уәлаятында жүрген ауған үкіметі сарбаздары. Сәуір 2016 жыл.

Пентагонның мәлімдеуінше, биыл үш айда АҚШ әскери-әуе күштері Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы 80 рет соққы берген. Бригада генералы Чарльз Кливленд әскерилерге Ауғанстандағы мандаты кеңейгендіктен содырларға қарсы іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік туған. Бұған дейін ИМ-ге қарсы шабуылдар тек ерекше жағдайда, мысалы құрлықтағы әскерді қорғау үші жасалатын.

Кливленд бомбалау нәтидесінде ИМ-нің Ауғанстандағы әскери қуаты әлсіреген. Соққының көбі содырлар базасы орналасқан Нангархар уәлаятында жасалған. Генерал бұған қоса Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятының "Талибан" қозғалысының бақылауына толық өтіп кету қаупі әзірге жоғын, бірақ бұл аймақтағы жағдай күрделеніп бара жатқанын айтады. Ақпанда ауған әскері Гильменд уәлаятында талибтермен көп ай ауыр соғыстан соң бірнеше ауданда шегінген.

XS
SM
MD
LG