Accessibility links

Германия мигранттарға неміс қоғамына кірігу талабын қойды


Берлиндегі босқындар орталығында канцлері Ангела Меркельмен (ортада) суретке түсіп тұрған мигранттар. Германия, қыркүйек 2015 жыл.
Берлиндегі босқындар орталығында канцлері Ангела Меркельмен (ортада) суретке түсіп тұрған мигранттар. Германия, қыркүйек 2015 жыл.

Германия мигранттар мен босқындардан елде тұрып, жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қоғамға кірігуді талап ететін жаңа заң қабылдады.

Коалициялық үкімет қабылдап, 14 сәуірде жариялаған шаралар бойынша, пана сұраған босқындар неміс тілі курсын оқу, германиялық заңнама бойынша сауат ашу, я неміс мәдениеті негіздерін оқу сияқты Германия қоғамымен интеграцияланатын талаптарды орындауы қажет. Егер босқындар бұл міндеттемелерден бас тартса онда өздерін қолдауға берілетін қаржыдан қағылады.

Германия канцлері Ангела Меркельдің сөзінше, интеграция туралы заңның мақсаты - босқындардың еңбек нарығына кіруін жеңілдету. Ал неміс үкіметі 100 мың жаңа жұмыс орнын ашуға уәде етіп отыр.

Германияда жұмыс берушіден жұмысшы алу кезінде германиялық немесе Еуропа Одағы (ЕО) азаматтарына басымдық беруді талап ететін заң күші үш жылға тоқтатылды.

Вице-канцлері Зигмар Габриэль заңды "тарихи қадам" деп атап, "бірнеше жылдан соң бұл заң иммиграциялық заңнаманың түпқазығы болатынын" мәлімдеді.

Кейбір мәліметтер бойынша, 2015 жылы Германияда елден пана сұраған 476 мың өтініш қабылданған.

XS
SM
MD
LG