Accessibility links

Бұрынғы қойма - бүгінгі мектеп


Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бірлік ауылындағы ата-аналар апатты жағдайдағы ауыл мектебінің жағдайына билік орындары назар бұрса екен дейді. Тұрғындардың сөзінше, қыс кезінде пеш отымен жылитын мектепте балалар суық тиіп, ауруға жиі шалдығады. "Мектеп қабырғалары балалардың өміріне қауіп төндіріп, құлауға шақ тұр" деп шағымданады олар. Кезінде қойма болған, ал қазір мектеп ретінде пайдаланылып отырған ғимарат осыдан 30 жылдай бұрын салынған. Қазір мұнда 140-қа жуық оқушы білім алады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG