Accessibility links

Қостанайда Суриковка ауылын су басқаны хабарланды


Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қостанай облысында Қостанай ауданының Суриковка ауылында үйлерді су басты. Жергілікті "Алау" ақпараттық порталының хабарлауынша, кейбір үйлер шатырына дейін суда қалған. Жергілікті мектепке ондаған адам көшіріліп, ауылда құтқарушылар жұмыс істеп жатқаны, бір жағынан ауылға су келіп жатқаны хабарланды. Әзңрге жергілікті билік пен төтенше жағдайлар департаментінен ақпарат алу мүмкін болмады.

Портал дерегінше, Қостанай ауданы әкімі Тауба Исабаев су деңгейі бір тәулікте 60 сантиметрден асқанын айтқан.

Өткен аптада Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында ондаған үйді су басқаны хабарланған. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті 10-11 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында су қоймалары мен өзендер тасып, су басу қаупі барын ескерткен.

XS
SM
MD
LG