Accessibility links

БҚО прокуратурасы: Сирияға кетпек болған 12 адам сотталды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы биыл "терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Облыс прокуратурасының бүгін таратқан ақпаратында биыл алғашқы тоқсанда бұған қоса "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша бір іс қозғалғаны айтылады.

Прокуратура сонымен қатар өткен жылғы экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерін де келтірген. Хабарламада 2015 жылы экстремистік және террористік сипаттағы 14 қылмыстық іс қозғалғанын, оның 11-і бойынша айыптау үкімі шыққаны айтылады.

Прокуратура мәліметінше, облыстың бес тұрғынын "Сирияға террористік топтар қатарында соғысу үшін кетіп қалуға ықпал еткен жергілікті жамағат жетекшісі" алты жылға сотталған. Ал 2015 жылы барлығы 12 адам Сирияға кетпек болды деген айыппен сотталған. Бірақ прокуратура сотталғандардың аты-жөнін айтпайды.

XS
SM
MD
LG